32124960

2020 жылы 29 қазаны күні Шығыс  Қазақстан облысының тілдерді дамыту  жөніндегі  басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің Тіл саясаты комитетінің 2020 жылғы 13 қазанда өткен Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Орфографиялық жұмыс тобы отырысының шешімін орындау мақсатында «Жетілдірілген жобадағы диакритикалық белгілер» тақырыбында «ZOOM» платформасы арқылы онлайн  сынама сабақ өткізді.

Сынама  сабақты  ШҚ лингвистикалық орталығының әдіскері  Жанар Сәлімжанова,   оқытушы - тренерлер Ләззат Қайдарова,  Әсем Мамыранова, ШҚ  халықтарының   тілдері  мен мәдениетін   түлету  мектебінің оқытушы  тренері Ләйлә  Әбілмажинова  жүргізді.

Сынама сабақтың мақсаты: диакритикалық белгілердің жазылым мен оқылымдағы оңтайлылығын және артықшылығы мен кемшілігін анықтау.

  Сынама сабаққа  ЖОО-ның филолог мамандары, мектеп, колледждердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері және қала, аудан   тіл оқыту  оралықтарының  оқытушылары қатысты. Іс-шараға қатысушылар жетілдірілген әліпби нұсқасында берілген тапсырмаларды (оқылым, жазылым бойынша) орындап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Яндекс.Метрика