32204093

2020 жылдың 5 қарашасы күні Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен  «Қазақ тілін қашықтан оқытуда ересек тіл үйренушілермен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері» атты облыстық вебинар болып өтті. Вебинарға қала, аудан тіл оқыту орталықтарының қазақ тілі оқытушылары қатысты.

Вебинарды Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Ырысты Райханқызы кіріспе сөзімен ашып, оқытушыларға  сәттілік тіледі.

Шара барысында Өскемен қаласы әкімдігінің Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің оқытушысы Айтқазина Тоғжан Болатбекқызы «Қазақ тілін қашықтан оқытуда Еdmodo платформасын қолданудың тиімді жақтары» тақырыбында презентация-баяндама жасап, платформаның артықшылықтарына тоқталып өтті. Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушы-тренері Қайдарова Ләззат Әскербекқызы «Ересек тіл үйренушілерге қазақ  тілін оқытуда қолданатын тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады және практикалық бөлімде өз тәжірибесімен бөлісті. Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының әдіскері Сәлімжанова Жанар Дәулетбекқызы «Ересектерге қазақ тілін қашықтан оқытуда Web-қосымшаларын қолданудың тиімділігі» атты баяндамасында онлайн оқытудың оңтайлы тәсілдерімен таныстырды.

Шара соңында оқытушылар  пікір алмасып, практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Яндекс.Метрика