32518233

1желтоқсан  - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған шараға облыстағы 12 тілдерді оқыту орталығы онлайн режимінде қатысты.

Шараны Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің басшысы Сәуле  Қалиғазина кіріспе сөзбен ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларына қолдау жасаған қазақ елі талай белестерден өтіп, талай биіктерді бағындырды.

Креативті құттықтау эстафетасын бастаған Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұжымы мерекелік құттықтаумен қатар қатысушылар назарына бейнефильм ұсынды.

Тіл жанашыры, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген белгілі журналист Еркебұлан Зағыпаров та шараға онлайн қатысып, мерекеге арналған құттықтауын жолдады.

Эстафетаны Семей, Курчатов қалалық  және Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое,  Катонқарағай, Көпекті, Ұлан, Шемонаиха аудандық тілдерді оқыту орталықтарының ұжымы жалғастырды. Орталық қызметкерлерімен қатар тілдерді оқыту орталықтарының мемлекеттік және ағылышын тілідерін оқуға тартылған тыңдаушылары да мерекелік лебіздерін қазақ және ағылшын тілдерінде жолдады.

Мерекелік эстафета соңында барлық қатысушылар «Мен қазақпын» әнін орындады.

 

ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

 

Яндекс.Метрика