32664303

2020жылғы  14желтоқсанкүніШығысҚазақстаноблысыныңтілдердідамытужөніндегібасқармасыныңШығысҚазақстанлингвистикалықорталығыныңұйымдастыруыменҚазақстанРеспубликасының Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты онлайн іс-шара  өткізілді. Іс-шара  аясында  тыңдаушылар мен студенттердің қатысуымен онлайн түрде шешендік  өнер  клубы ашылды.

Орталықтың  қазақ тілі ұстаздары   Л.Әбілмажинова және Л.Қайдарова тыңдаушылармен  шешендік өнер  бойынша «Көпшілік алдында  сөз сөйлеу  дағдыларын  дамыту» атты   сабақ үлгісін көрсетті. Бұл клуб ұлттық нақышты үгіттеуге бағытталған. Ата-бабадан қалған өсиетті сөздер мен шешендік өнер тәлімін жаңғырту, әрі жастар арасында кеңінен насихаттау жұмысы қолға алыну керек.

Іс-шарада Шығыс Қазақстан  облысының тілдерді  дамыту  жөніндегі басқармасының   үйлестіру  және тілдерді  дамыту  жұмысы бөлімінің басшысы С.Қалиғазина   сөз сөйлеп, келе  жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтады.«Nur Otan» партиясы ШҚО  филиалының  саяси жұмыстар  бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Ибраев  құттықтай келе,  ақын  Қалқаман Сариннің  «Тәуелсіздік  толғауы»  жырын тарту етті.

Сонымен қатар, С.Аманжолов  атындағы Шығыс Қазақстан  университетінің  студенті  Тілеужан  Еркінгүлдің орындауында  «Туған жер»термесі, Ағайынды Абдуллиндер атындағы балалар саз  өнер мектебінің оқытушысы  Арника Байбосынованың орындауында «Тәуелсіз қазақтың қызымын», «Отаным  менің»  әндері айтылды.   ШҚУ студенті  Кемелбек  Жасаргүл «Қаражорға»биіннақышына  келтіріп, биледі.

Барлық белсенді  қатысушылар орталық атынан  алғысхаттармен марапатталды. Келе  жатқан Тәуелсіздік мерекеміз  құтты болсын, ағайын! Тәуелсіздігіміз баянды, тіліміз Мәңгілік  болсын!

Яндекс.Метрика