33256982

2021 жылы 8 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту  жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының  ұйымдастыруымен оқытушылар арасында қазақ даласының ұлы ұстазы, ағартушы,  этнограф Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай «Білім көзі – Ыбырай» атты  сайыс өткізілді.

Мақсаты: Ыбырай Алтынсарин шығармаларын дәріптеу, ұлттық құндылықтармен өнер–білімді насихаттау. Сайыс барысында оқытушылар «Сәлем - сөздің анасы», «Өнер  алды -  қызыл тіл», «Блиц – турнир», «Үй  тапсырмасы»  кезеңдері бойынша белсенділік танытып, өзара бақ сынасты.

Сайыстың  қорытындысы  бойынша   Бас  жүлдені – Камзина  Айнұр  Келдібекқызы, 1 орынды  - Мамыранова Әсем Дәулетқызы, 2 орынды- Қайдарова Ләззат Әскербекқызы және Қабдешова  Әйгерім  Қайнарқызы, 3 орынды – Оразбеков Мирас Мейрамұлы иеленді. Қатысушылар алғысхаттармен марапатталды. 

Яндекс.Метрика