2021 жылдың  6 мамыры күні  Шығыс Қазақстан  облысының  тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқармасының қызметкерлері  Ұлы Отан соғысының  ардагері, биылғы  жылдың қарашасында  99 жасқа  келетін   Анастасия  Павловнаны Шығыс Қазақстан  облысының әкімі Даниал Кенжетайұлының  атынан келе  жатқан  Жеңіс күнімен  құттықтады. 

Анастасия  әжей   Күршім  ауданы,  Бурабай  ауылының тумасы. Үлкен отбасында  тәрбиеленген.  Соғыстан  кейін, яғни, 1948 жылы кейін Қазақстанға  қайтып келген.  Әжейдің  1 баласы,  5 немересі  бар. Осы жасқа  келгенімен денсаулығы  тың, бірақ  жүре  алмайды.

Әжей қазақстандықтарға   бейбітшілік,   достық, келісім мен тұрақтылық тілейді.  Сонымен қатар, Қазақстанда  тұратындығын   мақтан етіп, тату-  тәтті  бір шаңырақ астында  мекен еткен  барша  халыққа  ізгі  ниетін  білдірді. 

Өз тарапымыздан  әжейге  және  барша  ардагерлерімізге  зор  денсаулық,  ұзақ  ғұмыр  тілейміз.  Мереке  құтты  болсын, ардагерлер!

Яндекс.Метрика