Banner

«Қазақша сөйлеп үйреніңіз» атты акциясы

Ересек тұрғындарға арналған   «Қазақша сөйлеп үйреніңіз!» атты акциясы жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында өтеді. Курс ұзақтығы - 10 сағат. Курсқа мемлекеттік емес мекемелердің, кәсіпорындардың, үкіметтік емес ұйымдардың қызметшілері тартылады.

Курстың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мекеме, кәсіпорындарда қызмет ететін өзге ұлт өкілдеріне аз уақытта қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің сөздік қорын байытып, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Тіл үйренушілер қысқа мерзімде күнделікті өмірге қажетті тақырыптарға еркін түрде сөйлесім үлгілерін құрай алуға, таныс фразалар мен сөйлемшелерді пайдалану, ақпаратты хабарлау, қабылдау, өз ойын қарапайым түрде жеткізуге үйренеді.

Курс соңында тіл үйренушілер өзіне таныс тақырыптар төңірегінде қысқа сұрақтарға жауап беріп, сұрақ қоя алады. Өзі, достары,  қызметі, қоршаған ортасы туралы айта алады.

Қазақ тілінің қысқа мерзімді курсынан өткен тіл үйренушілер қарапайым деңгейдің толық курсына тартылады.

Яндекс.Метрика