Banner
  • «Ойна да күл, қазақша біл!» атты тілдік лагері
  • Ересек тіл үйренушілерге арналған тегін «Тілашар» курсы
  • «Қазақша сөйлеп үйреніңіз» атты акциясы
  • «Әдемі сөйле» жобасы

«Ойна да күл, қазақша біл!» атты тілдік лагері

Тілдік лагерьде қазақ тілінен теориялық білімдері бар, бірақ еркін тілдесе алмайтын адамдарды тілдік ортаға енгізу арқылы тікелей қарым-қатынасқа түсіру көзделген. Бұл жоба өңірдегі өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау, тіл үйренушілердің сөздік қорын байытып, курста алған білімдерін шыңдап, мемлекеттік тілді пайдалануға тікелей қажеттілік тудыру арқылы қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын арттыру. Тілдік лагерьге қала тұрғындары (жастар, студенттер, зейнеткерлер, үй шаруасындағы аналар), әртүрлі сала қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері тартылады.

Қатысушыларға әртүрлі жағдаяттарда қазақ тілін қолдану мүмкіндігі беріледі. Бұл тыңдаушыларды сөздік қорларын өздігінен молайту бағытында жұмыс жүргізуге бағыттайды.

Аталмыш шара мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірген өзге ұлт өкілдерінің талпыныстарын қолдау үшін, қазақ тілін үйренуге деген ықыластарын табиғи тілдік ортада жүзеге асыру – тіл меңгертудегі оңтайлы әдіс.

Тыңдаушылар күнделікті 4-5 сағат көлемінде тек қана қазақ тілінде қарым-қатынасқа түседі. Теориялық білім берілмейді. Әр күнге арнайы ойластырылып жасалған жағдаяттарды (ренжу, түсініспеушілік, қуанышты сәтке ортақтасу, жұбату, адамға қамқорлық көрсету, белгілі бір жағдайды түсіндіру, тапсырма беру, орындау жолын түсіндіру, өтінішін жеткізу, шешім қабылдау, өз ойын дәлелдеу, іс-әрекет ету, демалыс ұйымдастыру, ас әзірлеу, серуендеу кезіндегі күтпеген оқиғалар т.с.с.) бастан кешеді, туындаған мәселелерді шешеді. Лагерьдегі әрбір күннің соңында тіл үйренушілердің көрсеткен біліміне байланысты рефлексия жүргізіледі.

Ересек тіл үйренушілерге арналған тегін «Тілашар» курсы

Ересек тұрғындарға арналған «Тілашар» курсы 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі күні 10 мыңнан астам өзге ұлт өкілі курсты аяқтап шықты.

Курстың мақсаты – өңірде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің сөздік қорын байытып, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, іс-тәжірибеде қолдану.

Бұл 48,60,72 сағатқа арналған курсқа қазақ тілін үйренуге өз еркімен ниет білдірген, тілді мүлдем білмейтін өзге ұлт өкілдері қатысады. Олар: қала тұрғындары(студенттер, зейнеткерлер, үй шаруасындағы аналар), халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары, әртүрлі сала қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым қызметкерлері т.б.

Курс тегін, жүргізіледі, сонымен бірге тіл үйренушілер өздеріне қолайлы уақытты таңдайды. Сабақтар қызықты, әрі белсенді өтеді. Курсқа қатысушылар әртүрлі тақырыптарды меңгеріп, қарапайым деңгейде қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, сауатты жазуға үйренеді. Курс соңында қатысушыларға курсты аяқтағандығы туралы куәлік табысталады.

«Қазақша сөйлеп үйреніңіз» атты акциясы

Ересек тұрғындарға арналған   «Қазақша сөйлеп үйреніңіз!» атты акциясы жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында өтеді. Курс ұзақтығы - 10 сағат. Курсқа мемлекеттік емес мекемелердің, кәсіпорындардың, үкіметтік емес ұйымдардың қызметшілері тартылады.

Курстың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мекеме, кәсіпорындарда қызмет ететін өзге ұлт өкілдеріне аз уақытта қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің сөздік қорын байытып, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Тіл үйренушілер қысқа мерзімде күнделікті өмірге қажетті тақырыптарға еркін түрде сөйлесім үлгілерін құрай алуға, таныс фразалар мен сөйлемшелерді пайдалану, ақпаратты хабарлау, қабылдау, өз ойын қарапайым түрде жеткізуге үйренеді.

Курс соңында тіл үйренушілер өзіне таныс тақырыптар төңірегінде қысқа сұрақтарға жауап беріп, сұрақ қоя алады. Өзі, достары,  қызметі, қоршаған ортасы туралы айта алады.

Қазақ тілінің қысқа мерзімді курсынан өткен тіл үйренушілер қарапайым деңгейдің толық курсына тартылады.

«Әдемі сөйле» жобасы

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының бастамасымен облыстық,  аудандық, қалалық тіл оқыту орталықтарында «Әдемі сөйле» шешендік шеберлік жобасы 2017 жылдан  бастап жұмыс істей бастады.

Әдемі сөйлеу жобасына мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктерінің қызметкерлері, студенттер, қала тұрғындары қатысады. Курстың ұзақтығы - 72 сағат.

Жобаның мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ересек тіл үйренушілерді көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын, пікірін қазақ тілінде еркін  жеткізуге үйрету, тілге жетік тұлғаларды дайындап шығару.

         Сонымен қатар,  шешендік өнердегі қажетті дағдылар, іскерлік қарым-қатынас, спикерлік шеберлік және БАҚ-пен жұмыс, көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігі, тыңдаушылар аудиториясын идентификациялау, модераторлық және фасилитаторлық шеберлік сынды дағдыларды жетілдіруге арналған жаттығулар, тәжірибелік тапсырмалар да қарастырылған. Курс соңында қатысушылар бұқара алдында өз ойын сауатты және емін-еркін жеткізуге үйренеді. 

Яндекс.Метрика