Banner

Интернет арқылы оқыту

Қазақ тілінде сөйлеу үшін сол тілде сөйлейтін қолдаушы қажет, әрине егер де сіз бұрын тілді өздігіңізден оқып үйренсеңіз. Сіздің алтын уақытыңызды үнемдеу мақсатында біз интернет арқылы оқыту немесе қашықтан оқыту әдісін тиімді жүргіземіз. Егер сіз қазақ тілін қарапайым деңгейдеден бастағыңыз келсе не болмаса тілді жетілдіргіңіз келсе онда SKYPE бойынша оқуға болады. Қазіргі уақытта бұл өте қолайлы және уақытыңызды үнемдей аласыз.Оқуды дыбыстау арқылы не болмаса skype бейнебайланысы арқылы жүргіземіз.

Оқыту

Жыл бойы қазақ,орыс, ағылшын тілдерін оқытуға тыңдаушылар қабылданады. Бір топта 12-15 адамнан болуы қажет, ал шағын топтарда 6 адамнан кем болмауы қажет. Ұзақтығы 60 минуттан болатын сабақта оқытудың коммуникативтік әдісі қолданылады. Сондай-ақ КАЗТЕСКЕ дайындық курстары да жүргізіледі. Егер сіз мемлекеттік қызметке орналасқыңыз келсе немесе «БОЛАШАҚ» бағдарламасымен оқығыңыз келсе, болмаса еліміздің беделді жоғарғы оқу орнына түскіңіз келсе онда сізге қазақ тілінен емтихан тапсыруға тура келеді. Қолыңызда белгілі бір деңгей бойынша қазақ тілін меңгергеніңізді растайтын сертификат болса, онда жұмысқа орналасарда үміткерлердің арасында сіздің бірінші кезекте өтетініңіз анық. Әдетте, емтихан барысында тіл үйренушілердің: оқылым, жазылым,тыңдалым, айтылым сияқты тілдік дағдылары қалай меңгергендіктері айқындалады. Емтиханның әр бөлігі белгілі бір мақсатты көздейді.

Ұжымдық оқыту курсына жазылуға болады. Курс 60,72,120 сағатқа есептелген. Барлық оқу материалдары соның ішінде аудио және бейне материалдары беріледі.

Өтінімді осында жіберуге болады.

Skype

бойынша да бізбен байланысып, қызықты сауалдарыңызды жібере аласыз.

Қазақ тілі курстарына жазылу


Яндекс.Метрика