2025 жылғы 4 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі - Астана күніне орай қызметкерлермен тарихи танымдық іс- шара өткізілді.
Жиынға Департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі А.Еңсегенов және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры А.Абзалова қатысты.
Шара барысында еліміздің жүрегі- Астана, ұлы дала кіндігінде Тәуелсіздігіміздің жарқын символына айналған заманауи қала екендігі, Елорда ұлтымызды жасампаздыққа, даму мен өрлеуге жетелейтін тарихи Астана туралы мәліметтер беріліп, фильм көрсетілді. Сонымен қатар ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қалқаман Сариннің «Астана» атты өлеңі оқылды.
Келе жатқан мереке құтты болсын!
Астана жайнай берсін!
Жаңалықтар

Қаралды: 2