Абай оқулары

Previous Next

Ағымдағы жылдың 20–21 шілде күндері Абай облысының «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» ұйымдастыруымен республикалық «Абай оқулары» фестивалі өтті.

Аталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының атынан Шемонаиха ауданы әкімдігі Мәдениет үйінің әртісі Екатерина Николаевна Мамырбаева және Марқакөл ауданының «Марқакөл таңы» газетінің бас редакторы Валентина Георгиевна Свириденко қатысып, ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды.

Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Ж. Жұмаділовтың атынан Алғысхаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.