Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы
Ресми интернет-ресурс

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ортақ жүйесі

Previous Next

2026 жылғы 17–21 тамыз күндері Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ортақ жүйесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курсқа Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының мемлекеттік тіл курсының оқытушылары Ләззат Әскербекқызы мен Балжан Серікбекқызы қатысты.

Курстың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру, оқыту бағдарламалары мен әдістемелік тәсілдерді біріздендіру, сондай-ақ қазақ тілін оқыту үдерісінде жасанды интеллект пен заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Біліктілікті арттыру курсы барысында оқытушылар жаңа білім мен практикалық дағдыларды меңгеріп қана қоймай, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби білімдері мен шеберліктерін шыңдады.

Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Кәсіби құзыреттілікті арттыру – жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, педагогикалық шеберлікті шыңдаудың маңызды қадамы.

Пайдалы ресурстар

Записаться на прием