Тілдерді оқыту орталықтарының

Previous Next

қызметкерлеріне арналған алқалы жиын

2024 жылғы 23 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының тіл саясаты және ономастика бөлімінің және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстағы тілдерді оқыту орталықтарының қызметкерлеріне арналған алқалы жиын онлайн форматта өткізілді.
Аталған жиынға тіл саясаты және ономастика бөлімінің басшысы Г.Казимова және бас маманы А.Найманбаева, облыстағы 8 тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, оқытушылары, әдіскерлері қатысты.
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры А.Абзалова жиынды кіріспе сөзбен ашып, орталық директорының орынбасары- әдіскер Ы.Райхан 2023-2024 оқу жылы бойынша оқыту барысына тоқталды. Орталық оқытушысы Л.Кайдарова «Мемлекеттік тілді оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану» атты тақырыпта баяндама жасады.
Риддер қаласының және Глубокое, Ұлан, Шемонаиха аудандарының тілдерді оқыту орталықтарының директорлары 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жиын соңында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының тіл саясаты және ономастика бөлімінің басшысы және маманы қорытынды сөз айтып, нұсқаулықтар, тапсырмалар берді. Жиын қорытындысында Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры Ж.Идрышева сапалы және уақытында атқарып жүрген еңбегі үшін орталық атынан алғысхатпен марапатталды.