«Сот жүйесіндегі мемлекеттік тіл» атты дөңгелек үстел

Previous Next

 

Қазіргі қоғамның талабына сәйкес мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс. «Тіл туралы» Заңның 9-бабында мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданатыны, қажет болған жағдайда оларды әзірлеу мүмкіндігінше басқа тілдерге аударуды қамтамасыз ете отырып, орыс тілінде жүргізілуі мүмкін екендігі көрсетілген. Осы заң нормасы толыққанды іске асырылуы тиіс.
Осы бағытта Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы аясында 2024 жылдың 28 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ғимаратында «Сот жүйесіндегі мемлекеттік тіл» атты дөңгелек үстел өткізді.
Аталған іс - шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы, «Өскемен жылу жүйелері АҚ, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қызметкерлері, адвокат Жақып Арман қатысты. Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы Төлеген Тұрғамбайұлы Тургамбаев «Сот алдында сот төрелігін сапалы атқару, әділ шешім шығару аталған құрылымдық жүйенің қоғам талабына сай үнемі жетіліп, оның ілгерілеуіне заманауи тетіктер мен кешенді сот реформаларын жүргізу қажеттілігімен қатар, яғни мемлекеттік тілді өз тұғырына қондырып, қазақ тілінде сот ісін жүргізу мәселесіне де жаппай көшетін қажеттілік туындататын уақыт жақын деп танимыз» деп атап өтті. Мемлекеттік тіл саясатын дамыту аясында аталған мекеме және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы келешекте Меморандум аясында осы бағытта жұмыстар жүргізуге келісім жасады. Орталық директоры А.Абзалова мемлекеттік тілді қолдану аясы, оқыту, дамыту мәселелері туралы сөз қозғады.
Тіліміздің тағдыры өз қолымызда, тіліміздің мәртебесін бірге көтерейік!