Ұлы Жеңістің жаңа парақтары

Previous Next

2025 жылғы 28 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен "Ұлы Жеңістің жаңа парақтары" атты конференция өткізілді. Аталған шараға ШҚОФ "Аmanat" партиясы атқарушы хатшысының орынбасары А.Нуркенов, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі ШҚО бойынша департаменті тәрбиелік идеологиялық жұмыстары бөлімінің бастығы полковник Е.Туленов, департамент қызметкерлері мен сарбаздар қатысты.
Мақсаты: Қарулы Күштер ардагерлеріне және еліміздің егемендігі мен ұлттық мүддесін қорғап тұрған, антына адал әскери қызметшілерге құрмет көрсету.
Конференция барысында құттықтау сөздер айтылып, викториналық сұрақтар, Жеңіс, бейбітшілік туралы әндер топтамасы, ШҚО өңірінен шыққан батырлар туралы мәліметтер беріліп, кино - тренинг өткізілді.
Департамент ұжымына орталық атынан мерекелік Алғысхат табыс етілді.