Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы – 2026» облыстық байқауы

Previous Next

2026 жылғы 20 мамырда Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасына қарасты Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Риддер қаласының тілдерді оқыту орталығының базасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы – 2026» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты — оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, заманауи технологияларды меңгеру деңгейін анықтау және кәсіби шеберлікті насихаттау.
Облыстың әр өңірінен іріктелген үздік оқытушылар қатысып, өздерінің біліктілігі мен жаңашыл әдістемелік тәжірибелерін ортаға салды.
Байқау 3 кезең бойынша ұйымдастырылды: ▫️ І кезең — В2 деңгейі бойынша этнос өкілдерінен құралған сынама топпен ашық сабақ өткізу. Қатысушылар сөйлеу әрекетінің 4 түрін (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) қамтыған тапсырмалар орындады; ▫️ ІІ кезең — «Қазақ тілі сабағында заманауи технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында жасанды интеллект (AI) және цифрлық платформаларды қолдана отырып, инновациялық сабақ үлгілерін таныстыру; ▫️ ІІІ кезең — «Менің жеке жетістіктерім» тақырыбында педагогикалық тәжірибе мен шығармашылық жетістіктерді қамтитын жеке портфолионы қорғау.
Байқау қорытындысы бойынша: Бас жүлде — Керейбаева Гульбану Муратбековна, «Шемонаиха ауданының тілдерді оқыту орталығы»
І орын — Елсінбек Бақжан, Ұлан ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ
ІІ орын — Абдрасулова Диана Сержанқызы, «Шемонаиха ауданының тілдерді оқыту орталығы»
ІІІ орын — Алтай Ардагүл, «Самар ауданының тілдерді оқыту орталығы»
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, кәсіби биік белестер және толағай жетістіктер тілейміз!