«Тіл – тұғырым, сөз – қазынам» атты облыстық байқау

Previous Next

2025 жылғы 12 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық іс - шара өткізілді.
Аталған шараға "Amanat" партиясы ШҚО филиалы төрағасының міндетін атқарушы А.Нуркенов қатысты.
Мекемелер мен ұйымдар, департаменттерден келген қызметкерлер түрлі кезеңдер аясында бақтарын сынады.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, тіліміз мәңгі жасай берсін!