2026 жылғы 23 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстық семинар өтті. Семинардың басты мақсаты – тіл оқыту тәжірибесімен бөлісу, тиімді әдістерді ортаға салу, заманауи тәсілдерді талқылау және әріптестер арасында кәсіби тәжірибе алмасу.
Семинарға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының (ШҚОФ) төрағасы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Аскерхан Ақтай, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, оқытушылары, әдіскерлері, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қазақ тілі және әдебиеті факультетінің студенттері қатысты.
Қатысушылар тіл үйретудің әртүрлі бағыттары, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері, ересектерге тіл үйретудің андрагогикалық тәсілдері және заманауи әдістемелік қағидаттар туралы тәжірибе алмасты.
Тіл үйрету жолындағы еңбектеріңіз жемісті, ізденістеріңіз нәтижелі болсын!
