Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы интерактивті кейс-сессия өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен өткен шарада, заңнамадағы өзгерістер мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланып, нақты мысалдардың көмегімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кейс-сессияда комплаенс-қызметтің рөлі, тәуекелдерді анықтау мен бағалау тетіктері, ішкі талдау жүргізу тәртібі талқыланды. Соңында қатысушылар сұрақ-жауап форматында пікір алмасты.
