«Оралхан Бөкей оқулары» облыстық байқауы

Previous Next

2023 жылғы 20 қазан күні Республика күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Оралхан Бөкей оқулары» облыстық байқауы өткізілді.
Мақсаты-мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және жазушының шығармашылық мұрасын жастар арасында насихаттау, жастарды көркем әдебиетке баулу. Оралхан Бөкей шығармаларын насихаттау арқылы отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін арттыру.
Бірінші кезеңде: прозалық шығармаларынан үзінді оқу;
Екінші кезеңде: поэзиялық шығарма оқу;
Үшінші кезеңде: драмалық шығармаларынан үзінді оқу.
Сайыс қорытындысы төмендегідей:
Бас жүлде – Тілектес Бексатов (Зайсан ауданы) өзін-өзі қамтушы, жүргізуші;
1 орын – Назерке Жанатова (Күршім ауданы) Марқакөл балалар саз мектебінің оқу ісінің меңгерушісі;
2 орын – Жанерке Серікжан (Тарбағатай ауданы) «Тұғырлы Тарғабатай» газетінің тілшісі;
3 орын – Елена Кусаинова (Катонқарағай ауданы) Үлкен Нарын ауылдық лицейінің мұғалімі;
3 орын – Әлия Хамбар (Глубокое ауданы) Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі Березовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Барлық жеңімпаздар облыстық мәдениет басқармасы басшысы орынбасарының атынан дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.