Жиынның негізгі мақсаты – қатысушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ойды жүйелі, нақты әрі сенімді жеткізу дағдыларын дамыту.
Іс-шараға әдебиет саласының мамандарымен қатар филология факультетінің студенттері, сондай-ақ сот, полиция және банк қызметкерлері қатысты.
Пікірталас басталар алдында қатысушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында арнайы тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында қатысушылар өз есімдерін әртүрлі эмоциямен айтып, сөйлеу кезінде дауыс ырғағы мен сезімнің маңызын тәжірибе жүзінде көрсетті.
Сонымен қатар бір сөйлемді түрлі эмоциямен жеткізу арқылы сөз мазмұнына интонацияның әсері айқын байқалды.
Қатысушыларға «Сіз ұжымда адамдармен қалай сөйлесесіз?» тақырыбында тапсырма беріліп, олар өз ойларын 2–3 сөзбен жазбаша түрде білдірді. Бұл тапсырма қарым-қатынас мәдениетін саралауға және өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Жиын барысында қатысушылар сөйлеу мәнері, эмоция мен интонацияның рөлі туралы маңызды ақпарат алып, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Сөз сарасы» шешендік клубының кезекті отырысы өтті.
Қаралды: 3
