«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын қамтамасыз ету және 2026 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған мерзімді тексеру жоспарын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласы әкімінің аппаратында мерзімді тексеру жүргізді.
Тексеру барысында тіл туралы заңнама талаптарының сақталуына қатысты бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері белгіленеді.
