2026 жылғы 16 сәуір күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы ШҚО филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілерге, студенттерге арналған «Мемлекеттік қызметкерлерлің тілдік құзіреттіліктерін арттыру: қазақ және ағылшын тілдері» атты облыстық семинар өткізілді.
Семинарда кәсіби тілдік дағдыларды дамыту жолдары, іс қағаздарын сауатты жүргізу, халықаралық коммуникация мүмкіндіктері қарастырылды.
Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Слямхан, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалының директоры Ж.Боқанова, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалының кабинет меңгерушісі А.Масенова семинар тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының қызметкерлері «Мемлекеттік қызметкерлердің тілдік құзіреттіліктерін арттыру», «Дұрыс сөйлеу және сауатты жазу нормалары», «Ағылшын тілін қолдануда Magic School ai мүмкіндіктері» атты тақырыптарда шеберлік сағаттарын көрсетті.
Семинарда берілген мәліметтер нәтижесінде тілдің тек құрал емес, кәсіби дамудың маңызды бөлігі екені айқындалды.
Тілді меңгеру – бұл: өзіңді дамыту, қызмет сапасын арттыру, мемлекет беделін көтеру.
Ең бастысы – үздіксіз даму мен тәжірибе.
