2025 жылғы 29 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік және басқа тілдерді ересек тұрғындарға оқыту және іс- тәжірибемен бөлісу мақсатында Үлкен Нарын ауданындағы тілдерді оқыту орталығында «Тіл үйренуде цифрлық платформаларды қолданудың маңызы» тақырыбында облыстық деңгейде семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Лингвистикалық орталығының, Алтай, Риддер қалалары, Глубокое, Катонқарағай, Шемонаиха, Самар, Ұлан аудандарының тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, әдіскерлері мен оқытушылары, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы, бөлім мамандары қатысты. Семинар барысында Үлкен Нарын ауданы тілдерді оқыту кабинеті оқытушылары, Солдатово, Новополяковка ауылдық округтерінде ашылған мемлекеттік тілді оқыту кабинеті оқытушылары, «Достық үйі» жанында ұйымдастырылған «Қазақша сөйлейік» клубы оқытушысы өздерінің іс – тәжірибелерімен бөлісті. Цифрлық оқыту платформалары – заманауи білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Өткізілген семинар осы мақсаттарды жүзеге асырды. Сандық платформалар арқылы заманауи сабақтардың үлгілері көрсетілді, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын тиімді әдіс - тәсілдер ұсынылды.
Семинардың қорытынды кезеңінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда еңбек етіп, тіл мәртебесін дамытуға үлес қосып жүрген семинар қатысушылары аудан әкімінің Алғысхатымен марапатталды.
Жаңалықтар
Тіл үйренуде цифрлық платформаларды қолданудың маңызы
Қаралды: 12