«Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым» атты  облыстық байқау

Previous Next

2023 жылдың  22 желтоқсан  күні  -«Аmanat» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филалының кітап  залы  базасында  Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы облыстағы тілдерді оқыту орталығы  тыңдаушыларының арасында «Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым» атты  байқау ұйымдастырды.

Мақсаты:  тыңдаушылардың мемлекеттік тілді меңгеру үдерісінде алған білімдерін   күнделікті жұмыс барысында қолдануын,  мемлекеттік тілде коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлғаларды анықтау болып табылды.

БАЙҚАУ  КЕЗЕҢДЕРІ:

         1-кезең.   «Сөз анасы- сәлем»   

           2-кезең.  «Ақын- ұлттың жүрегі»

         3-кезең.  «Білім-ырыстың тізгіні» 

         4-кезең.  «Сұрақ бізден, жауап сізден»  

 Облыстық байқаудың  сарапшылары: 

 Асавбаева  Гүлзада  Байдрахманқызы-филология ғылымдарының кандидаты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық  университеті Тіл құзыреттіліктері орталығының аға оқытушысы

Ережепова  Сәуле  Каратаевна-филология ғылымдарының кандидаты, Д.Серікбаев  атындағы  Шығыс  Қазақстан техникалық университеті Тіл құзыреттіліктері орталығының аға оқытушысы

Тәттімбек Асханұлы-«Аmanat» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филалы баспасөз қызметінің меңгерушісі

Матиева Мараш Зияшқызы-"Шығыс Қазақстан мұсылман ханымдары"  қоғамдық бірлестігінің төрайымы, қазақ тілінің жанашыры

Юсупов Адиль Габитович-тіл жанашыры      

Байқаудың жеңімпаздары  келесідегідей  марапатталды:

1. Ельсукова Анна Васильевна (Риддер қаласы)

2. Батырханова Кристина Владимировна (Ұлан ауданы)

3. Угрюмова Сюзанна Асылбековна (Глубокое ауданы)

4. Качалова  Инна  Игоревна   (Өскемен қаласы)

5. Передерина Дарья Сергеевна (Алтай ауданы)

6. Жукова Антонина Юрьевна (Шемонаиха ауданы)