2026 жылғы 29 қазанда Шығыс Қазақстан облысында «Қазақ уикипедиясын дамыту: тіл және цифрлық қоғам» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі сапалы контент көлемін арттыру, қазақ тіліндегі ақпараттық ресурстарды дамыту және қатысушыларға Wikipedia ашық энциклопедиясына мақала әзірлеу мен жариялау әдістерін үйрету.
Семинарға аудан-қалалардағы тіл саясатын іске асыруға жауапты мамандар мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Оқыту барысында қатысушыларға Wikipedia энциклопедиясының жұмыс істеу қағидаттары түсіндіріліп, мақала дайындау, ақпаратты жүйелеу және оны энциклопедияға жариялау жолдары практикалық тұрғыда көрсетілді.
