ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ВОРКШОП ӨТТІ

Previous Next

2026 жылғы 26 маусымда Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығында
"ЖОО- да академиялық жазылым дағдыларын интеграциялық әдіс негізінде әдістемелік құралдар әзірлеу арқылы қалыптастыру" атты ғылыми жоба аясында
«Академиялық жазылымды оқытудың интеграциялық моделі: зерттеу нәтижелері мен әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында ғылыми-әдістемелік воркшоп ұйымдастырылды.

Іс-шараға білім беру ұйымдарының педагогтері, тіл мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен академиялық жазылым мәселелеріне қызығушылық танытқан қызметкерлер қатысты.

Воркшоптың ашылуында орталық директоры Абзалова Әсемгүл Мәдениетқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Воркшоп барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары:
🔹 Анесова Үміт Ғарифоллақызы – PhD докторы, аға оқытушы;
🔹 Кенжеқанова Құралай Кенжеқанқызы – ассистент-профессор, PhD докторы;
🔹 Төреханова Рауана Аманбайқызы – магистр, аға оқытушы
академиялық жазылымды оқытудың заманауи тәсілдері, зерттеу нәтижелері мен әдістемелік ұсыныстары бойынша мазмұнды баяндамалар жасады.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, пікір бөлісіп, сұрақтарына жауап алды. Воркшоп қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды.