Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы
Ресми интернет-ресурс

«Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты»

Previous Next

2026 жылғы 15–16 қазан күндері Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты» атты республикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – тіл саясатының өзекті мәселелерін талқылау, өңірлер арасында тәжірибе алмасу және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы жұмыстарды жетілдіру.

Аталған республикалық семинарға Шығыс Қазақстан облысының лингвистикалық орталығының директоры А. Абзалова қатысып, тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілді дамыту және тіл үйрету саласындағы тәжірибе алмасуға үлес қосты.

Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және тіл саясатын одан әрі дамыту бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Пайдалы ресурстар

Записаться на прием