Хатты алғаныңыз туралы хабарлаңыз.

Previous Next

 «Тілашар» қазақ тілін үйренуге арналған тегін оқу курстары, «Қазақша сөйлеуді үйренеміз» білім беру сайты (soyle.kz)

(Облыста 8 тегін түрде тіл оқыту  мемлекеттік орталықтары қызмет етеді. Аталған оқу орталықтарында мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, жұмыссыздар, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер және облыс азаматтары оқи алады. Оқу курстары ересектерге арналған ( мамыр-қазан айлары).

Жауапты тұлға: «Шығыс Қазақстан  лингвистикалық орталығы» КММ директоры А.Абзалова

"Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады.
Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті.
Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді" - деп Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев атап өткендей,
Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығымен маңызды жұмыстар атқарылуда.
Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту барысында мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру мақсатында бүгінгі күні облыста  8 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. 
Облыс тұрғындары «Тілашар» курсы "Кел, сөйлесейік"клубтары  арқылы тіл үйренуде. Орталықтарда  мемлекеттік тіл  120  және  72 сағаттық бағдарламамен оқытылады.
Орталықтың негізгі қызметі - облыстық мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметшілерін, сондай–ақ облыс тұрғындарын мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту.
Оқу курсы аяқталғаннан кейін тыңдаушылар қорытынды тест тапсырады, оның нәтижелері бойынша оларға сертификаттар, куәліктер табыс етіледі. Тыңдаушыларға оқу курстары А1, А2, В1, В2 төрт деңгей бойынша оқытылады.
Ересектерге мемлекеттік тілді меңгеруге көмектесу үшін оқытушылар тілдік дағдыларды, яғни сөйлеу, оқу, жазу және тыңдау дағдыларын дамыту үшін арнайы мотивациялық әдістерді қолданады. Ересектерге мемлекеттік тілді үйретуде, ең алдымен, әртүрлі тақырыптар бойынша сөздік қорын байыту жұмысы жүргізіледі.
Сонымен қатар, сабақтар сұрақ-жауап, әңгіме жүргізу түрінде, аудиовизуалды әдістемелер, көрнекі құралдар мен материалдарды пайдалану негізінде және т. б. жүргізіледі. Оқыту барысында белсенді дамып келе жатқан онлайн платформалар және веб-қосымшалар (Zoom, Padlet, Quizizz, Google Jamboard, Google Forms, Google Meet, Kahoot!, ThingLink, Quizlet, Mentimeter, FlippingBook, OnlineТestPad) қолданылады.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін орталықта ересек тұрғындарға тілдерді оқыту әдістемесі бойынша ғылыми-тәжірибелік семинарлар, оқу курстары, вебинарлар, тренингтер мен конференциялар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, оқытушылар авторлық әдістемелік құралдарды, оның ішінде әртүрлі салалар бойынша тілашарлар, диктанттар мен мазмұндамалар жинақтарын, тест түрінде әзірленген ересек тыңдаушыларға арналған мәтіндер мен тапсырмалар жинақтарын және т.б. шығарады.
Мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту бойынша облыстық деңгейде әртүрлі форматтағы  семинарлар, айлықтар,  байқаулар өткізіледі.
Бұл міндетті іске асыруға бағытталған жұмыстарды әсіресе өзге ұлт өкілдері арасында жүргізуге басымдық берілуде. Өткізілген басты іс -шаралар тізбесі:
1.Тілдерді оқыту  орталықтарының директорларына, қазақ тілі оқытушыларына, әдіскерлерге арналған «Озық тәжірибе - ортақ әдіс» атты облыстық семинар (Өскемен қаласы)
2.«Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» облыстық  семинар (Шемонаиха ауданы)
3.Үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы  (Өскемен қаласы)
4.«Озық тәжірибе – ортақ әдіс» орталықтардың оқытушылары және әдіскерлерімен республикалық семинар (Өскемен қаласы)
5.«Ономастика – мемлекеттік идеологияның бір тірегі» атты көшпелі семинар (Алтай қаласы)
6.«Ұлты қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атының жазылуын тарихи дәстүрге сәйкестендірейік» атты көшпелі семинар (Самар ауданы)
7. А. Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы»  облыстық байқауы (Өскемен қаласы)
8.Этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы (Өскемен қаласы)
9. «Абай күні» А.Құнанбайұлының туған күніне арналған облыс көлеміндегі мерекелік шаралар (Өскемен қаласы)
10.Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы тыңдаушылары арасында «Ойна да күл, қазақша біл» тілдік лагері
(Өскемен қаласы)
11.Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Мағжан және Алаш арыстары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция
12. «Отаны  бірдің - тілегі  бір, жүрегі  бір» атты  Қазақстан  халқы  тілдері күніне  арналған тілдер  фестивалі (Өскемен қаласы)
13.Жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жыл толуына орай «Оралхан оқулары» облыстық байқауы (Өскемен қаласы)
14.Этностардың тарихи және заманауи жазба мұраларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Славян мәдениеті мен жазбасы күніне арналған шара (Өскемен қаласы)
15.«Мемлекеттік тілді үйрету - заманауи әдіс - тәсілдер мен инновациялық  технологиялар» атты іс - тәжірибе алмасу  облыстық семинары (Өскемен қаласы)
16.«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің болашағы» танымдық сабақтар
17. «Қыран елім- Қазақстан!» атты өңірлік байқау (Өскемен қаласы).
Осы бағытта жұмыстар жалғасын табуда.
«Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз» - деп Мемлекет басшысы айтқандай, аянбай еңбек ете береміз!