«Мағжан және Алаш арыстары» атты 

Previous Next
облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
 
2023  жылғы  27 қыркүйек  күні  Глубокое  ауданындағы  Абай  атындағы  Мәдениет  үйінің базасында   Шығыс Қазақстан  облыстық мәдениет басқармасының және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының  ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына  арналған «Мағжан және Алаш арыстары» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. 
Конференцияның мақсаты: Ұлы ақынның баға жетпес шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, өскелең ұрпақ бойына дарытуға бағытталды.  
Конференция жұмысына  Глубокое  ауданы  әкімінің орынбасары, ШҚУ ғалымдары, қалалық, аудандық мәдениет  және  тілдерді  дамыту бөлімдерінің басшылары, тіл мамандары, тілдерді  оқыту  орталықтарының   директорлары, оқытушылары, әдіскерлері  қатысты. 
Конференцияда  алғы  сөз  Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының тілдерді  дамыту  және  ономастика  бөлімінің басшысы  Гүлжан Ахметбекқызы  Казимоваға  берілді.  
Сонымен қатар   С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, филология  ғылымдарының докторы Айжан Маратбекқызы Картаева «Мағжан поэзиясындағы Түрік және Алаш тақырыбы»,  С.Аманжолов атындағы ШҚУ филология  ғылымдарының   кандидаты, қауымдастырылған профессор Бақытжан Бекенқызы   Келгембаева «Мағжан және ұлттық идея»,  Шығыс Қазақстан  лингвистикалық орталығының директоры Асемгуль Мадениетовна Абзалова «Алаш қайраткері –Мағжан Жұмабаев»,  Уварово Мәдениет үйінің әдіскері   Анна  Олеговна  Яковлева  «Мағжан  әлемі  -мәңгілік әлем» тақырыптарына  баяндамалар  жасады.  
Мағжанның бай әдеби мұрасын жинақтау, ақынды ұлықтау бағытында атқарылған істер аз емес. Кітап көрмесі  де  ұйымдастырылды.  Мағжанды тану жұмысы одан әрі де жалғаса береді. Баяндамашыларға  басқарма  атынан  алғысхаттар мен гүлшоқтары табыс етілді. Конференцияда тіл жанашырлары ақынға қатысты тың ойлар айтып, Мағжан әлемін бұрынғыдан да байыта түсуге септігін тигізді. 
 
ШҚ лингвистикалық орталығы