«Қыран елім- Қазақстан!» атты аймақтық байқау

«Қыран елім- Қазақстан!» атты аймақтық байқау

 «Қазақ тілі – қазақтың жаны! Қасиеті терең, құнары мол қазақ тілін өз мәнінде қолданып, болашақ жас ұрпаққа жеткізу - азаматтық парызымыз.
2023 жылғы 21 қыркүйек күні ШҚО мәдениет басқармасы, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қыран елім- Қазақстан!» атты аймақтық байқау ұйымдастырылды.
Аталған байқауға Ұлттық қауіпсіздік ШҚ ШҚО Департаментінің әскери қызметшілері қатысты. Олар: Абай облысы және Зайсан, Күршім аудандары, Өскемен қаласының әскери қызметшілері.
Байқау 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар қазақ тілі, тарих, өнер салаларынан бақ сынасты. Қазылар алқасы құрамына Алматы қаласы, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік комитеті шекара академиясының ұстазы, профессор Мамаева Гүлжан Бүркітбайқызы, ҚРҰҚК Шекара қызметі ШҚО департаментінің тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасының консультанты, майор Бакетов Ғалымжан Жеңісұлы, «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметінің меңгерушісі Тәттімбек Асханұлы енді.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Өскемен қаласынан Талғат Мырзаханұлы Қанаев, 1-ші орынды Абай облысы, Мақаншы ауылынан Нұржан Бөкешұлы Сатбаев, 2-ші орынды Абай облысы, Мақаншы ауылынан Мерей Аязбекұлы Қасқабаев, 3-ші орынды Өскемен қаласынан Роза Маратқызы Карменова иеленді.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен, белсене қатысқандар алғысхаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.